2025 жылдың 5-8 қыркүйек аралығында Қытайдың Шаогуань қаласында өткен каратэ WKF-дан юниорлар арасында Азия чемпионаты аяқталды.
Қорытынды нәтиже бойынша, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленді!
Алтын медаль иегерлері:
- Құрбанәлі Балнұр - 14-15 жас санаты, -61 кг
- Қалпақбай Тұрар - 16-17 жас санаты, -61 кг
Күміс медаль иегері:
- Нұрсейіт Алмат - 14-15 жас санаты, -57 кг
Қола медаль иегерлері:
- Ұнталап Айша - 14-15 жас санаты, -54 кг
- Матжан Мәдениет - 14-15 жас санаты, -52 кг
- Темірхан Айдын - 16-17 жас санаты, -66 кг
- Алдаберген Перизат - 16-17 жас санаты, -59 кг
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушысы - Қажымұқан Шаттық.
Спортшыларымыз бен жаттықтырушымызды үздік нәтижемен құттықтаймыз!