2026 жылдың 15-18 сәуір аралығында Испанияның Аликанте қаласында теаквондодан кадеттер арасында халықаралық турнир өтуде.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары турнирде топ жарып, 5 бірдей алдынды қанжығаға байлады!
Атап айтқанда:
Қабдош Арслан (-53 кг);
Шаншархан Әбіл Мансур (-66 кг);
Гильманова Амина (-44 кг);
Әмір Аиша (-59 кг);
Ерғазы Жібек (+59 кг).
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орынға табан тіреді.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушылары - Шакиров Нариман, Абиджанов Иномиддин.