Еркін күрестен юниорлар арасында “Victory Cup” халықаралық турнир нәтижесі

Еркін күрестен юниорлар арасында “Victory Cup” халықаралық турнир нәтижесі

2026 жылдың 11 – 15 сәуір  аралығында Анталья қаласында (Түркия) еркін күрестен юниорлар арасында “Victory Cup” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Сайыс қорытындысы бойынша, “Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы” РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:

Алтын медаль иегерлері:

Агабек Бакдаулет (-48 кг)

Мурат Темирлан (-55 кг)

Рысбай Адилет (-71 кг)

Рахатов Сабыржан (-55 кг)

Сейлбек Нуртас (-65 кг)

Жанатхан Ахмет (-71 кг)

Жанат Арын (-45 кг)

Орынбасар Мардан (-60 кг)

Резников Игорь (-92 кг)

Темиргалы Сагындык (-110 кг)

Жалкомандалық есепте, Қазақстан құрамасы Әзірбайжан және Түркия құрамаларынан басым түсіп, 1-орынға табан тіреді.