Ризабек Айтмұхан Понтеведрада (Испания) U20 Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Ризабек Айтмұхан Понтеведрада (Испания) U20 Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы, қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан Понтеведрада (Испания) U20 Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ризабек 97 келіге дейінгі салмақта үздік болып, барлық жекпе-жекте сенімді жеңіске жетті.

Финалда ол Хетаг Карсановқа қарсы күресті (Әзірбайжан). Нәтижесінде біздің спортшымыз 10-0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, өткен жылы Айтмұхан ересектер арасындағы Әлем чемпионатында “Алтын” жеңіп алған болатын. Содан кейін ол 92 келіге дейінгі санатта жеңіске жетті.