24 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Болгарияның София қаласында өткен дзюдодан кадеттер арасында Әлем чемпионатынан «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының басшылығы мен ұжымы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайынан спортшыларын күтіп алды!
Байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетсек, -60 кг салмақ дәрежесінде күрескен Батырғали Ернұр алтын медаль иегері атанды.
Сондай-ақ, -66 кг Жылқайдар Мұхаммедали Әлем біріншілігінің күмісіне ие болса, -50 кг Мыса Арман, 66 кг Қайрғали Роллан мен +90 кг Жаудинов Әділжан қола жүлдеден еншіледі.
Шын жүректен құттықтаймыз!