Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының басшылығы мен ұжымы Ризабек Айтмұханды күтіп алды!

Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының басшылығы мен ұжымы Ризабек Айтмұханды күтіп алды!

2024 жылғы 06-08 қыркүйек аралығында Понтеведра (Испания) қаласында өткен еркін күрестен U20 Әлем чемпионатынан Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының басшылығы мен ұжымы, Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайынан Ризабек Айтмұханды күтіп алды!

Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы, қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан Понтеведрада (Испания) U20 Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, өткен жылы Айтмұхан ересектер арасындағы Әлем чемпионатында “Алтын” жеңіп алған болатын. Содан кейін ол 92 келіге дейінгі санатта жеңіске жетті.

Шын жүректен құттықтаймыз!