Шамил Досбол – үш дүркін Азия чемпионы!

Шамил Досбол – үш дүркін Азия чемпионы!

2025 жылдың 21-26 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында (U17) Азия Чемпионаты өтуде.

Бүгінгі күн нәтижесі бойынша, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы спортшысы Шамил Досбол 65 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп чемпион атанды! Ол финалдық бәсекеде Тәжікстан балуаны Амирджон Обидовтан (VPO1  (5-2) 3-1) басым түсті.

Спортшымызды және бапкерлеріміз Жанбиров Асхат пен Тұрсынов Жарқынды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Жеңісті күндер көп болсын!