Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңартылған нұсқасын талқылауға арналған жиын өтті

Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңартылған нұсқасын талқылауға арналған жиын өтті

Бүгін «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңартылған нұсқасын талқылауға арналған жиын өтті.

Іс-шарада ел болашағына тікелей ықпал ететін маңызды құжат бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Д. Лаубаев Ата Заңға енгізілген маңызды өзгерістерге тоқталып өтсе, заң бөлімінің басшысы Р.Р. Жанабекова ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды әрбір азамат білу тиіс екендігін айтты. Себебі, Конституция - мемлекеттің құқықтық тірегі ғана емес, қоғамның дамуын айқындайтын негізгі бағдары.

Жиын соңында Орталық қызметкерлері спикерлерге өз сұрақтарын қойып, талқылау жұмыстары жүргізілді.