Бүгін «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлеріне құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізілді.
Жиында Астана қаласы, Нұра ауданының полиция учаскелік инспекторы, подполковникМ.М. Смагулов қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді және қойылған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара ҚР Премьер-министрі О.Бектеновтің Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссия отырысында берілген нұсқауларға сәйкес жүзеге асты.