2025 жылдың 1 ақпан күні Астанада Қазақстандық таеквондо WT федерациясының тарихындағы тұңғыш рет 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» өтті.
Іс-шара барысында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК таеквондо бөлімінің спортшылары, сондай-ақ аға жаттықтырушылары Жанбиров Нурболат пен Беккасымов Жалгас Мұстафа Өзтүрік жүлдесіне ие болды.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК таеквондо бөлімінің ірі жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Казнабек Нурай - Әлем чемпионаты – 2 орын
Казнабек Тогжан - Азия Балалары – 1 орын
Сапаралиева Аяулым - Азия Балалары – 2 орын
Таскын Темиржан - Әлем чемпионаты – 1 орын
Махмут Нурали - Әлем чемпионаты – 2 орын
Болатулы Бекет - Азия Балалары – 3 орын
Құттықтаймыз!