Алғыс айту күніне орай дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары өздеріне әрдайым қолдау көрсетіп жүрген жақындарына хабарласып, жүрекжарды алғыстарын білдірді.
Спортшы үшін жеңістің артында үлкен еңбек пен табандылық қана емес, сонымен қатар отбасының, достарының және жанашыр жандардың қолдауы тұрады. Әр жарысқа жігер беріп, сенім сыйлайтын жақындардың орны әрдайым ерекше.
Бүгінгі күні спортшылар ата-аналарына, бапкерлеріне, туыстары мен достарына ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жолдады.
Алғыс айту күні – бір-бірімізге жақсылық жасап, қолдау көрсетіп жүрген жандарға рахмет айтуға тағы бір мүмкіндік.
Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!