Орталық спортшылары Бахреин елінде өтетін Азия ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады

Орталық спортшылары Бахреин елінде өтетін Азия ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары Бахреин елінде өтетін Азия ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиындарын сәтті аяқтады.

Жиындар Астана қаласындағы “Сарыарқа” велотрегінің базасында өтті.

Команданы жарысқа дайындаған аға жаттықтырушылар – Жанбиров Нұрболат және Бекқасымов Жалғас.

Спортшыларымызға алдағы жарыста сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

Инстаграмға сілтеме