Супыгалиева Фатима – Азия ойындарының чемпионы!

Супыгалиева Фатима – Азия ойындарының чемпионы!

2025 жылдың 28-30 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында  III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтуде.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Супыгалиева Фатима дзюдо бойынша -52 кг салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль иегері атанды.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушысы - Баймаханбетов Мейрлан.

Спортшымызды және жаттықтырушыларымызды үздік нәтижемен құттықтаймыз!