Тоғжан Қазнабек – Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

Тоғжан Қазнабек – Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

2025 жылдың 25-28 шілде аралығында Малайзияның Кучинг қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Дүбірлі доданың алғашқы күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Тоғжан Қазнабек -59 кг салмақ дәрежесінде күресіп, күміс медаль иегері атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары – Жанбиров Нурболат және Бекқасымов Жалғас.

Спортшымызды және бапкерлерімізді үздік нәтижемен құттықтаймыз!