Усманова Мадхия - Әлем чемпионы!

Усманова Мадхия - Әлем чемпионы!

Грекия астанасы Афина қаласында әйелдер күресінен U17 Әлем чемпионаты өтуде.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Усманова Мадхия 57 кг салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль иегері атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Садыбеков Арман - аға жаттықтырушы, Нұрғожа Даулет - жаттықтырушы.

Спортшымызды және жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!