Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесі дәстүрлі түрде атап өтіледі. Бұл күн - спорт саласында еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегін бағалау, олардың қоғамдағы рөлін айқындай түсуге арналған маңызды мереке.
Кәсіби мереке қарсаңында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері бірқатар марапатқа ие болды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Асылхан Джумасатович, бас есепші Айнагүл Серіковна және кадр жұмысы бөлімінің инспекторы Карлығаш Клименовна марапатталды.
Сонымен қатар, Кәсіпорынның бірқатар қызметкерлері отандық спорттың дамуына қосқан сүбелі үлесі, адал еңбегі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің Құрмет грамотасына ие болды.
Марапаттар легі қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы тарапынан табысталған «Спорт саласының кәсіподақ үздігі», «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен жалғасты. Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлер кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Орталық директоры Жандос Жаксылыкович Ушкемпиров саланы дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін ұжым қызметкерлеріне өз алғыс хатын табыстап, спорттағы табыстары мен кәсіби жетістіктері үшін ризашылығын білдірді.
Бұл марапаттар - «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің, спорт саласына деген адалдығы мен жауапкершілігінің айқын дәлелі.