Ағымдағы жылдың 06 ақпан күні «Сарыарқа» республикалық велотрегі базасында кадеттер арасында таэквандо бойынша оқу-жаттығу жиындары аясында «Допингтің ағзаға зиянды әсері және допингке қарсы негізгі ережелер» атты таныстыру дәрісі өткізілді. «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК дәрігері Б.Б. Тоқтарбай спортшыларға тыйым салынған заттар мен дәрі-дәрмектерді тексеру әдістері туралы айтып, бәсекелестік адалдықтың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында жүйке жүйесінің тұрақтылығын дамытуға және өзгермелі сыртқы жағдайларға бейімделуді жеделдетуге бағытталған «Тітіркендіргіш шыбын» тренингі өтті. Іс-шараны «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК спорт психологы Г. С. Балапанова өткізді.