«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-да спортшыларға арналған онлайн-конференция өтті

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-да спортшыларға арналған онлайн-конференция өтті

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-да спортшыларға арналған “Есірткіге қарсы” тақырыбында онлайн-конференция өтті. Дәрісті Тоқтарбай Бауыржан мен психолог Балапанова Гүлсім өткізіп, есірткінің зияны мен салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы айтып берді. Іс-шара Zoom форматында өтті және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және есірткіге қарсы тұруға бағытталған.

#Спорт-нашақорлыққақарсы