2025 жылдың 21-26 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында (U17) Азия Чемпионаты өтуде.
Бүгінгі күн нәтижесі бойынша, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы спортшысы Ысқақбек Ибраһим еркін күрестен 55 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді!
Спортшымызды және бапкерлеріміз Абиров Жанбыл мен Ниязбеков Даулетті жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!