«Спорт сахнасының артында» айдарында біз әдетте экраннан тыс қалатын, бірақ спортшылардың жетістігінде шешуші рөл атқаратын жандармен жақын танысамыз. Грек-рим күресі бойынша әдіскер Хабибулла Оразбай Рахатұлы - спортшылардың жаттығу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, кестелерді ұйымдастыруға және команданың іс-қимылын үйлестіруге жауапты маман.
Әдіскер бапкерлермен бірлесіп жеке жаттығу жоспарларын құрып қана қоймай, әр спортшының үлгерімін қадағалап, деректерді талдап, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Әдіскер мамандардың арқасында спортшылар өз мақсаттарына алаңсыз жұмыс жасайды.