Астананың Qazaqstan жеңіл атлетикалық манежінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Он күнге созылған додаға еліміздің барлық өңірінен 1 200-ден астам жас спортшы қатысып, бозкілемде өз шеберлігін сынады.
Осы сайыстың қорытындысы бойынша, үздік өнер көрсеткен спортшылар Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының құрамына қабылданатын болады.
Бүгінгі ел чемпиондары ертең халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғайтын жаңа буын екені сөзсіз.