Грекия астанасы Афина қаласында грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Байрақты бәсекені «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары үздік нәтижемен аяқтап, 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медальды ел қоржынына салды.
Атап айтар болсақ:
Алтын медаль иегері:
Қуанышбек Жаңажол (45 кг)
Күміс медаль иегерлері:
Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг)
Нұрәли Асқар (55 кг)
Қола медаль иегері:
Досбол Шамил (65 кг)
Марлен Мейірбекұлы (71 кг)
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреді.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Жанбиров Асхат - аға жаттықтырушы, Тұрсынов Жарқын - жаттықтырушы.
Спортшымызды және жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!