Грекия астанасы Афина қаласында еркін күрестен U17 Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 3 қола медаль жеңіп алды.
3 орын - Қасымбек Дінмұхаммед (80 кг)
3 орын - Асамбек Бекасыл (60 кг)
3 орын - Абдықасым Данаел (51 кг)
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша 3-орын иеленді.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Ниязбеков Даулет - аға жаттықтырушы, Калиев Расул - жаттықтырушы.
Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!