Әйелдер күресінен U17 Әлем чемпионаты аяқталды: қорытынды нәтиже қандай?

Әйелдер күресінен U17 Әлем чемпионаты аяқталды: қорытынды нәтиже қандай?

Грекия астанасы Афина қаласында грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтар болсақ:

Алтын медаль иегері:

Усманова Мадхия (57 кг)

Қола медаль иегерлері:

Баққожа Інжу (43 кг)

Даулетжан Шахизада (69 кг)

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Садыбеков Арман - аға жаттықтырушы, Нұрғожа Даулет - жаттықтырушы.

Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!