Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетсек, 82 келідегі Диас Сейтқалиев Әлем біріншілігінің күмісіне ие болса, 87 келідегі Темірлан Тұрдақын мен 72 келідегі Юсуф Ашрапов, 55 келідегі Арсен Жұма қола жүлдеден еншіледі.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Сарсекеев Айдын, Шангитбаев Саясат.
Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!