Жаңажол Қуанышбек - Әлем чемпионы!

Жаңажол Қуанышбек - Әлем чемпионы!

Грекия астанасы Афина қаласында грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионаты өтуде.

Байрақты бәсекенің үшінші күнінде, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Жаңажол Қуанышбек 45 кг салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль иегері атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Жанбиров Асхат - аға жаттықтырушы, Тұрсынов Жарқын - жаттықтырушы.

Спортшымызды және жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!