Таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті!
65 келіден жоғары салмақта сынға түскен «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК спортшысы Сағынғали Жантөре финалда украиналық Максим Шудженкодан басым түсті.
Сонымен қатар, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның спортшылары Цой Алла (47 кг), Гожалимова Аида (51 кг) Әлем Чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
Айта кетерлігі, бұған дейін Ромашкин Хамзаальпер (-61 кг) Әлем біріншілігінде топ жарған болатын.
Әлем Чемпионатына 80 елден 811 жасөспірім таеквондошы қатысып жатыр. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның аға жаттықтырушылары:
Асханов Нұрдаулет
Қайырбек Ерасыл