Жаудинов Адильжан – Азия ойындарының күміс жүлдегері!

Жаудинов Адильжан – Азия ойындарының күміс жүлдегері!

2025 жылдың 28-30 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында  III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтуде.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Жаудинов Адильжан дзюдо бойынша +90 кг салмақ дәрежесінде күресіп, күміс медаль иегері атанды.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушысы - Баймаханбетов Мейрлан.