Асамбек Бекасыл - Азия чемпионы!

Асамбек Бекасыл -  Азия чемпионы!

2025 жылдың 21-26 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында (U17) Азия Чемпионаты өтуде.

Бүгінгі күн нәтижесі бойынша, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы спортшысы Асамбек Бекасыл еркін күрестен 60 кг  салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді!

Спортшымызды және бапкерлеріміз Абиров Жанбыл мен Ниязбеков Даулетті жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!