Азим Талгатұлы – Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

Азим Талгатұлы – Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

2025 жылдың 25-28 шілде аралығында Малайзияның Кучинг қаласында таеквондодан кадеттер арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Дүбірлі доданың алғашқы күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Азим Талгатұлы 37 кг салмақ дәрежесінде күресіп, күміс медаль иегері атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары – Асханов Нұрдәулет және Қайырбек Ерасыл, әдіскер – Айтенова Айгүл.

Спортшымызды және бапкерлерімізді үздік нәтижемен құттықтаймыз!