Болгарияның Самоков қаласында еркін күрестен 20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетсек, 125 кг салмақ дәрежесінде күрескен Қасымбек Едіге ақтық сында иран балуаны Абольфазл Мохаммад Нежадпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Осылайша Едіге тәуелсіздік жылдарынан кейін осы салмақта жастар арасындағы алғашқы әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ, 92 келідегі Камиль Куруглиев Әлем біріншілігінің күмісіне ие болса, 97 келідегі Самир Дурсунов пен 74 келідегі Досжан Құлғайып, 57 келідегі Нұрданат Айтанов қола жүлдеден еншіледі.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша 2-орын иеленді.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Байгулов Аслан – аға жаттықтырушы, Кешубаев Еркебұлан – жаттықтырушы.
Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!