«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының ұжымы Орталық спортшысы, таеквондодан жастар арасындағы Әлем чемпионы Айым Серікбаеваны салтанатты түрде қарсы алды.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Айым Серікбаева 2026 жылғы 12–17 сәуір аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатында -44 кг салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль иеленді. Сондай-ақ, Әлем біріншілігінде қыздар арасында «Үздік спортшы» атанды.
Еске салсақ, соңғы алтын жүлде 2006 жылы Вьетнамда өткен әлем чемпионатында тіркелген болатын. Осылайша, араға 20 жыл салып Қазақстанның таеквондо тарихы жаңарды.
Айта кетерлігі, Айым Серікбаева 2025 жылдың қазан айында Бахрейнде өткен Азия ойындарында және 2025 жылдың шілде айында Малайзияда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, екі сайыстың да «Үздік спортшысы» атағын жеңіп алған.