2025 жылдың 25-28 шілде аралығында Малайзияның Кучинг қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды.
Дүбірлі доданың алғашқы күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленді:
Алтын медаль иегерлері:
Айым Серікбаева (-42 кг)
Бунед Бахрамкулов (-45 кг)
Күміс медаль иегері:
Тоғжан Қазнабек (-59 кг)
Қола медаль иегерлері:
Любовь Юн (-63 кг)
Дәулет Рахимоллиев (-73 кг)
Егор Шаптефраць (+78 кг)
Нұрперзент Саматұлы (-48 кг)
Айта кетелік, 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатындағы Ризаев Давранбектің жеңісінен кейін араға 20 жыл салып, сары құрлық додасының алтын жүлдесін Серікбаева Айым мен Бунед Бахрамкулов қоржынға салды.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары – Жанбиров Нурболат және Бекқасымов Жалғасты үздік нәтижемен құттықтаймыз!
Ертең, жарыстың екінші күні тағы 10 спортшымыз жарыс алаңына шығады. Споршыларымызға сәттілік тілейміз!