2025 жылдың 21-26 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында (U17) Азия Чемпионаты өтуде.
Бүгінгі күн нәтижесі бойынша, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы спортшысы Мұқат Жайдар әйелдер күресінен 61 кг салмақ дәрежесінде финалда сынға түсіп, үндістандық Тина Пуниадан басым түсті.
Бұл жеңіс еліміздің әйелдер күресі тарихын қайта жаңғыртты – 2014 жылғы Ирина Капитанованың жеңісінен кейін, араға11 жыл салып, Азия Чемпионатының алтынын қоржынға салды.
Бұл – спортшымыздың маңдай тері мен бапкерлеріміз – Садыбеков Арман мен Нұрғожа Дәулеттің кәсіби еңбегінің ортақ нәтижесі.
Жеңісті күндер көп болсын!