U17 Азия Чемпионатының нәтижесі: 7 алтын, 6 күміс, 7 қола

U17 Азия Чемпионатының нәтижесі: 7 алтын, 6 күміс, 7 қола

2025 жылдың 21-26 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында (U17) Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы спортшылары сайысты сәтті аяқтап, 20 медальды қанжығаға байлады. Атап айтсақ, грек-рим күресі бойынша Жаңажол Қуанышбек (45 кг), Құмарұлы Нұрдаулет  (48 кг), Ақан Дамир (60 кг), Шамил Досбол (65 кг) Азия чемпионы атанса, Тойшы Әділет (92 кг) пен Зарап Сункар (51 кг) күміс медаль иегері болды, ал Гасымов Ислам (71 кг) өз салмақ дәрежесінде үздік үштікті қорытындылады.

Еркін күрес бойынша Ысқақбек Ибраhим (55 кг) мен Асамбек Бекасыл (60 кг) алтын медаль еншіледі. Рахатов Сабыржан (45 кг) мен Наров Нуртай (71 кг) екінші орынға ие болып, Мұрат Темірлан (48 кг), Касымбек Дінмухаммед (80 кг), Ерғали Бейбарыс (92 кг), Изахар Риза (110 кг) қола медальға ие болды.

Әйелдер күресінен Мұқат Жайдар (61 кг) алтын медаль, Солтанғали Сания (49 кг) мен Усманова Мадхия (51 кг) күміс жүлде,  Інжу Баққожа (40 кг) мен Сайахмет Нұрайым (65 кг) қола медаль иегері атанды.

Айта кетер болсақ, биылғы Азия Чемпионатында алтыннан медаль таққан Шамил Досбол аталмыш бәсекенің үш дүркін чемпионы атанса, Мұқат Жайдар әйелдер күресі тарихын қайта жаңғыртып – 2014 жылғы Ирина Капитанованың жеңісінен кейін, араға 11 жыл салып, Азия Чемпионатының алтынын қоржынға салды.

Командалық есеп бойынша, Қазақстан құрамасы еркін күрестен 1-орын, грек-рим күресінен 2-орын, ал әйелдер күресінен 4-орынға табан тіреді.

Бұл – спортшыларымыздың маңдай терімен қатар, бапкерлеріміздің кәсіби біліктілігінің ортақ нәтижесі. Сол себепті, бапкерлеріміз - Абиров Жанбыл мен Ниязбеков Даулетті (еркін күрес), Садыбеков Арман мен Нұрғожа Дәулетті (әйелдер күресі), Жанбиров Асхат пен Тұрсынов Жарқынды (грек-рим күресі) Азия біріншілігін сәтті қорытындылаумен құттықтаймыз!

Жеңісті күндер көп болсын!