Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушыларының есептерің тыңдау басталды

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушыларының есептерің тыңдау басталды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушыларының жыл сайынғы есептерін тыңдау басталды. Отырысқа Комитет төрағасы Руслан Есеналин басшылық етуде. 

Іс-шараға аккредиттелген спорт федерациялары мен жетекші спорт ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ барлық жас санаттары бойынша аға жаттықтырушылар қатысуда. 

Бас жаттықтырушылар 2024 жылды қорытындылап,  2025 жылға дайындаған жоспарларымен бөлісуде. 

  • Спорттық дайындықтың ағымдағы жағдайын алдау;

  • Жұмыстың басым бағыттарын анықтау;

  • Жаттығу процесінің тиімділігін арттыру және спортшылар үшін жағдайды жақсарту бойынша шаралар әзірлеу – сияқты мәселелерге ерекше назар аударылуда.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет федерациялармен бірлесіп ұлттық құрамалардың деңгейін арттыруға және қазақстандық спортшылардың халықаралық аренада табысты өнер көрсетуіне бағытталған шаралар кешенін дайындалады. Олимпиадалық спорт түрлерін қолдау және жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс әлі де жалғасады.