Спорт күні қарсаңында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК ұжымының бірқатар қызметкері марапатқа ие болды.
Орталықтың таеквондо бойынша аға жаттықтырушысы Айтжан Алдабеков, материалдық үстел есепшісі Майраш Кожантаева, көлік механигі Серік Рашитов Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Кешенді қызмет көрсету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру қызметінің басшысы Нұржан Турлыбаев «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды.
Сонымен қатар орталық директоры Жандос Жақсылықұлы бірқатар қызметкерге өз атынан Құрмет грамоталарын табыстап, олардың спорт саласының дамуына қосқан үлесі мен қажырлы еңбегін атап өтті.