Елордада Спорт күніне орай сала үздіктері марапатталды

Елордада Спорт күніне орай сала үздіктері марапатталды

Елордада Спорт күніне орай спорт саласының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара барысында отандық спорттың дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандарына Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік және ведомстволық наградалары, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Марапатталғандардың қатарында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері де бар.

Атап айтқанда, Орталық директоры Жандос Жақсылықұлы Үшкемпіров «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Ал объектіге қызмет көрсету және пайдалану қызметінің басшысы Хасен Кенесұлы Абельдинов пен қауіпсіздік қызметінің басшысы Еркебұлан Майданұлы Мұқанов Құрмет грамотасына ие болды.

Елордада Спорт күніне орай сала үздіктері марапатталды