Баку қаласында әлем чемпионатына дайындық жалғасуда.

Баку қаласында әлем чемпионатына дайындық жалғасуда.

2026 жылғы 10–23 маусым аралығында грек-рим күресінен юниорлар арасындағы әлем чемпионатына даярлау бойынша оқу-жаттығу жиынының II кезеңі аясында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының спортшылары мен жаттықтырушылары Баку қаласына іссапармен жіберілді.

Оқу-жаттығу жиынына Алмас Али, Темергали Арыстан, Мұханбетшәріп Әлишер, Бекенғазы Али, Пахитжан Нұрислам, Аманәлі Дияр, Төлеуғали Алинұр, Асқар Нұрали, Махамбет Мирас және Бауыржан Ескендір қатысуда.

Командаға «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушысы Жанбиров Асхат пен жаттықтырушысы Кустубаев Азамат жетекшілік етуде.