Азия чемпионатына дайындық аясында төрешілік семинар өтті.

Азия чемпионатына дайындық аясында төрешілік семинар өтті.

2026 жылғы 13–28 маусым аралығында Алматы облысында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының ұйымдастыруымен грек-рим күресінен жастар (U20) арасындағы Азия чемпионатына дайындыққа арналған оқу-жаттығу жиыны өтті.

Оқу-жаттығу жиыны аясында спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған төрешілік семинары ұйымдастырылды.

Семинарды IS санатындағы халықаралық дәрежедегі төреші Лигай Игорь Олегович өткізіп, қатысушыларға жарыс ережелеріндегі соңғы өзгерістер мен төрешілік талаптарды түсіндірді.