2026 жылғы 17 маусым күні Алматы қаласында әлем чемпионатына дайындық аясында өткен оқу-жаттығу жиыны барысында Допингке қарсы ұлттық орталығының білім беру маманы Айтолқын Дүйсенбайқызы Дүйсенбай грек-рим күресінен жасөспірімдер (U15) құрамасының спортшылары мен жаттықтырушыларына «Адал спорт сенен басталады» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің негізгі мақсаты – спортшылардың допингке қарсы сауаттылығын арттыру, таза спорт қағидаттарын насихаттау және адал бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру.