2025 жылдың 22-26 мамыр аралығында Каунас қаласында (Литва) дзюдодан юниорлар арасында Еуропа кубогы өтуде. Жарыстың алғашқы күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкеміпров атындағы жекпе-жек сарайы спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді. Атап айтқанда:
Алтын медаль иегері:
- Жеңісұлы Қайрат-60 кг.
Күміс жүлде иегерлері:
- Сұлтанбай Телжан -60 кг;
- Махатова Руслана +78 кг.
Қола медаль иегері:
- Нұрбергенов Омар -73 кг.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Абдірахман Қайырхан чемпион атанса, Есенгелді Дәрмен қола жүлдеге қол жеткізді.
Спортшыларымыз бен бапкерлерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!