Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық «Ерлікке тағзым» атты қайырымдылық акциясы аясында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері Жерұйық саябағында орналасқан генерал И. Панфилов пен 28 панфиловшы жауынгерге арналған мемориалдық кешен аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Акция қатысушылары ескерткіш аумағын қоқыстан тазартып, ретке келтіріп, Отанымыздың азаттығы мен тәуелсіздігі үшін жанын қиған қаһармандарға құрмет көрсетті.
Мұндай іс-шаралар қаланың көркеюіне үлес қосып қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, халқымыздың ерлікке толы тарихын қадірлеудің маңыздылығын еске салады.