Үшкемпіров Жандос Жақсылықұлы: Жаңа конституциялық реформа -елімізді одан әрі дамыту жолында дайындалған маңызды құжат

Үшкемпіров Жандос Жақсылықұлы: Жаңа конституциялық реформа -елімізді одан әрі дамыту жолында дайындалған маңызды құжат

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Үшкемпіров Жандос Жақсылықұлы жаңа Конституциялық реформаға қатысты өз пікірімен бөлісті:

«Жаңа конституциялық реформа елімізді одан әрі дамыту жолында дайындалған маңызды құжат деп білемін. Уақыт жаңарған сайын Конституция да жаңару керек деп ойлаймын.
Бұны заң саласының мамандары бұрыннан айтып жүр. Қазіргі басқару жүйесінің атауы дұрыс қойылмаған дегенді көзім шалып қалған еді.
Қазір ұсынылып отырған өзгерістер «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» деген ұстанымға дәл келеді».